Қазақстан машина жасаушылар одағының Үйлестіру кеңесі саланы дамытудың басымдықтарын айқындады

Қазақстан машина жасаушылар одағының Үйлестіру кеңесі саланы дамытудың басымдықтарын айқындады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Отырыстың жұмысына Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, «Аллюр компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және отандық жетекші кәсіпорындардың басшылары қатысты.  

Отырыс барысында машина жасау саласын дамытуға қатысты жүйелі мәселелер, 2028 жылға дейінгі машина жасауды дамыту жөніндегі Кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ осы жылы Одақ атқарған жұмыстың қорытындылары қаралды.

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев өңірлерде отандық машина жасауды дамыту үшін сенімді негіз қалыптасқанын, сондай-ақ бизнес, Парламент пен Үкімет арасындағы тиімді қарым-қатынас саланың одан әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Одақтың басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев баяндама жасады. Ол 2023–2024 жылдары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндап, биыл Үкімет және Парламентпен бірлесіп өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданғанын атап өтті. Оларға ішкі елдік құндылықты дамыту бағдарламаларын бекіту мен оффтейк-келісімшарттарды жасасу, сондай-ақ импортталатын жабдықтар мен материалдарға қосылған құн салығын 1 жылға дейін кейінге қалдыру нормалары кіреді.

Отырыс барысында өнеркәсіптік роботтарды жедел енгізу және өндірісті цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, ішкі елдік құндылық бағдарламаларын бекіту жөніндегі міндеттемелерді заңнамалық тұрғыда бекіту және Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін енгізу мәселелері де қаралды.

Роман Скляр мемлекеттік органдар мен бизнестің үйлесімді жұмысы саланың тұрақты өсуі мен қойылған міндеттердің орындалуы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстары әрі қарай қарау және шешім қабылдау үшін Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...