Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті

Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми түрде XXV қысқы Олимпия ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтті. Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның көк байрағын Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әміренова (фристайл-могул) ұстап шықты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы Олимпиаданың басты ерекшеліктерінің бірі – ашылу рәсімінің бір мезетте төрт жерде өтуі. Денис Никиша Милан қаласындағы салтанатқа қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы жарыстарын қабылдайтын Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды. Сондай-ақ Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде тұтанды: бірі Миландағы Салтанат қақпасында, екіншісі Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Dibona алаңында. Ашылу рәсімі Armonia («Үйлесім») деп аталды.

Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасы 6-22 ақпан күндері өтеді. Италиядағы төртжылдықтың басты додасына әлемнің 93 мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 8 спорт түрі (16 дисциплина) бойынша 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) 10 дисциплинада жүлдеге таласады.

Ұлттық құрама спортшылары қатысатын барлық жарысты Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...