Медицина мамандарының үні ескерусіз қалмайды

Медицина мамандарының үні ескерусіз қалмайды

Қарағанды облысы Саран қаласындағы «Психо-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме» ұжымымен кездесу өтті.

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Александр Куприенко, Елжан Серғалиұлы, Саят Бакиров, Аяжан Мақан, Ербол Сармурзин және Рустам Танишпеков қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласына қатысты бастамаларға тоқталды.

- Қоғамның дамуы әрбір азаматқа жасалған қамқорлықтан басталады. Әсіресе, ерекше күтімді қажет ететін жандарға қолдау көрсету, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта еңбек етіп жүрген мамандардың жұмысы да ерекше құрметке лайық. Сондықтан олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерген мәселелеріне назар аударуымыз қажет», – деді Ербол Сармузин.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Жиынға 80-ге жуық адам қатысты.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б. Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Казахстан претендует на роль одного из центров искусственного интеллекта между Европой и Азией. Глава NVIDIA Дженсен Хуанг во время первого визита в...