Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink жүйелерінің Қазақстандағы жұмысқа дайындығын тексерді

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink жүйелерінің Қазақстандағы жұмысқа дайындығын тексерді

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды енгізудің аралық нәтижелерін талқылады. Жиынға бейінді мемлекеттік органдардың мамандары да қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесудің негізгі тақырыбы 2025 жылғы 12 маусымда қол қойылған келісімнің жүзеге асырылу барысы болды. Құжатқа қол қойылған сәттен бастап жоба белсенді кезеңге өтті: компания ел аумағында жерүсті инфрақұрылымын өрістету жұмыстарына кірісті. Тараптар келісім аясындағы міндеттемелердің орындалуын егжей-тегжейлі талдап, жүйелердің техникалық дайындығын бағалады.

Техникалық мәселелермен қатар, спутниктік желі жұмысын Қазақстанның құқықтық өрісіне толық интеграциялау мақсатында оның реттеуші нормаларға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Анықтамалық ақпарат: 2025 жылғы 12 маусымда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Starlink Kazakhstan» компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернетті іске қосу туралы келісімге қол қойды. Пилоттық жоба шеңберінде компания жерүсті инфрақұрылымын құру, оны пайдалануға беру және техникалық іске қосу жұмыстарын жүргізуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...