ТЖМ басшысы Мәртөк ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

ТЖМ басшысы Мәртөк ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімі өз жұмысын бастады. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысты. Ауылда өрт сөндіру бөлімі соңғы рет 1975 жылы, яғни жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған болатын. Жаңа ғимарат шамамен 30 мыңға жуық адам тұратын 13 ауылдық округ пен 32 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа өрт бөлімінің іске қосылуы тұрғындар үшін төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және сенімді қорғалуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және ауыл тұрғындары да қатысты. Нысанның құрылысы өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерін жаңғырту өңірлік бағдарламасының бір бөлігі.

Бұған дейін шамамен 50 жыл пайдаланылған өрт сөндіру бөлімі апатты жағдайда болып, заманауи талаптарға сай келмеген. Жаңа кешен қызмет ету жағдайын толықтай жаңартты: мұнда өрт сөндіру-құтқару техникасына арналған бокстар, заманауи диспетчерлік жүйелер, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, оқу сыныптары, тұрмыстық және қойма үй-жайлары, сондай-ақ «Batyr team» спорт залы орналастырылған.

Іс-шара аясында ТЖМ басшысы өңірлік ТЖД қызметкерлері мен жобаны іске асыруға үлес қосқан жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне ведомстволық наградаларды табыс етті.

Мәртөк ауылының тұрғындары өрт сөндіру бөлімінің ашылуы ауыл үшін көптен күткен оқиға, әрі қауіпсіздіктің маңызды кепілі болғанын атап өтті. ТЖМ алдағы уақытта да өрт сөндіру-құтқару инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарын жалғастырып, ауылдық елді мекендерге ерекше назар аударатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...