Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау – Жаңа Конституцияның басты қағидаты

Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау – Жаңа Конституцияның басты қағидаты

Ата Заңның жаңартылған редакциясында мемлекет дамуының іргелі бағыттарын айқындайтын мызғымас қағидаттар мен құндылықтар нақты белгіленген. Соның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі басты басымдық ретінде айқындалды.

Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктері ең жоғары құндылық деп танылып, бұл ұстаным конституциялық деңгейде бекітілді. Мемлекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өзінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Осы арқылы құқықтық мемлекет қағидаттары нығайып, әділетті әрі ашық қоғам құруға берік негіз қаланады.

Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың жеке бас бостандығы, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, заң алдындағы теңдік, сондай-ақ құқықтық кепілдіктердің сақталуы ерекше мәнге ие. Бұл нормалар құқық қолдану тәжірибесінде азаматтардың мүддесін қорғауға және мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

2026 жылғы конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі факторы ретінде айқындап, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді күшейтуге қызмет етеді. Жаңартылған Ата Заң елімізде құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және әрбір азаматтың қауіпсіз әрі еркін өмір сүруіне берік құқықтық негіз қалыптастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ