Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Санаэ Такаичиді Жапониядағы Парламент сайлауында Либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Бұл елеулі жетістік – Сіздің парасатты саясатыңыз бен Өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз. Халқыңыздың жарқын болашағы үшін сіңіріп жатқан қажырлы еңбегіңіз, қолға алған тың бастамаларыңыз еліңізді бүгіннен де биік табыстарға жетелей беретініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

Президент былтыр Жапонияға жасаған ресми сапарын ыстық ықыласпен атап өтіп, өзара уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге көтергенін жеткізген. Сондай-ақ қазақ-жапон қарым-қатынастарының жоғары қарқынын сақтап, оны ұдайы дамыту үшін Санаэ Такаичимен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растаған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...