«Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»

«Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Жол-көлік колледжінде арнайы жиын өтті. Іс-шараға оқу орнының оқытушылары, магистрлер, сондай-ақ «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының өкілдері қатысып, Ата Заңның жаңа редакциясындағы маңызды өзгерістерге тоқталды.

Жиын барысында қатысушылар Конституция жобасының еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудағы рөліне ерекше назар аударды. Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр Ақкүміс Айнақұлова жаңа редакциядағы өзгерістер мемлекеттік құрылымдардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

– Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер еліміздің одан әрі дамуына серпін береді. Бүгінде біз жасанды интеллект дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Сондықтан өз саламызда жаңа технологияларды қолдануға, инновацияларды енгізуге басымдық беріп келеміз. Халықаралық қатынастардың күрделенуі, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, қоғам сұранысының артуы құқықтық жүйені жаңаша пайымдауды талап етеді. Осыған байланысты Конституция нормаларын қазіргі заман талаптарына бейімдеу – уақыт талабы, – деді магистр.

Сонымен қатар, «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев жаңа редакциядағы Конституцияны қабылдау қоғам сұранысына, заманауи талаптарға және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңдағы өзгерістер елдің орнықты дамуына, әділ әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Жиын соңында қатысушылар Конституция жобасының маңыздылығын атап өтіп, оған толық қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...