Спорт саласы мамандары жаңа Конституция жобасына үн қосты

Спорт саласы мамандары жаңа Конституция жобасына үн қосты

Шымкент қаласында Конституциялық реформаға арналған спорт саласы өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар, әдіскерлер және сала мамандары қатысты.

Кездесуде Ердәулет Тастанбек баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталды. Ол Ата Заң жобасында адам құқықтарын қорғау, әділеттілік қағидатын бекіту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, Конституциядағы заң мен тәртіп үстемдігі, тең мүмкіндік қағидаты спорт саласына да тікелей қатысты. Әділ бәсеке, жастарды қолдау, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – мұның барлығы құқықтық негіздің мықты болуына байланысты.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияда білім мен ғылымды стратегиялық бағыт ретінде бекіту жас ұрпақты тәрбиелеуде, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқаратынын айтты. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен азаматтардың шешім қабылдау ісіне қатысу мүмкіндігінің кеңеюі спорт инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал ететіні сөз болды.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті. Сала мамандары спорт мектептерін қаржыландыру, инфрақұрылымды жаңарту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын сала өкілдеріне кеңінен түсіндіру және қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік беру екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...