Үкіметте қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал және профилактикалық екпемен қамту мәселелері қаралды

Үкіметте қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал және профилактикалық екпемен қамту мәселелері қаралды

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті. Онда қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылда қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелген. Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіштері Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады. Аталған жағдайлардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Ауруға шалдыққандардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар. Оның ішінде екпеден бас тарту себепті егілмегендер де бар екені атап өтілді.

Кеңес барысында қызылша бойынша сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлердің әкім орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министрдің орынбасары өңірлік штабтар деңгейінде қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуалды күн сайын талдап отырудың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті жерлердегі басшылардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ профилактикалық екпемен қамту мәселесі жеке қаралды. Бірқатар өңірлерде жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмегені айтылды. Әсіресе Маңғыстау облысында негізгі вакциналардың барлық түрі бойынша қамту деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Мұндай алшақтықтар инфекциялық аурулардың таралу қаупін күшейтетіндіктен, бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде нысаналы және жүйелі жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...