Түркістан: «Адал Азамат»: мектептерде қауіпсіздікке бағытталған сабақтар жүйелі түрде өткізіледі

Түркістан: «Адал Азамат»: мектептерде қауіпсіздікке бағытталған сабақтар жүйелі түрде өткізіледі

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сабақтардың негізгі мақсаты – оқушыларда қауіпсіз әрі заңға бағынатын мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, құқықтық және азаматтық мәдениетті арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету. Қысқа, бірақ мазмұнды сабақтар оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастырып, қауіпсіз қоғам азаматын тәрбиелеуге нақты қадам болып отыр.

Тәрбие сағаттарында оқушылар күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысы, буллинг пен киберқауіпсіздік, төтенше жағдайлардағы әрекеттер және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптарын талқылайды. Әр сабақта нақты өмірлік жағдайлар мысалға алынып, оқушылар өз пікірін айтуға, шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Сабақ мазмұны жас ерекшеліктеріне сай құрылып, бастауыш сыныптан бастап жоғары сыныпқа дейін бірізділікпен өткізіледі. Нәтижесінде балалардың қауіпсіздік пен құқық саласындағы білімдері жүйелі түрде қалыптасып, олардың жауапкершілік сезімі мен сыни ойлауы артып келеді.

Сонымен қатар мектеп-интернаттарда тәрбие жұмыстары «Адал азамат» тұжырымдамасына толық сәйкес ұйымдастырылып, патриоттық, еңбек, мәдени және экологиялық бағыттағы іс-шаралар да қарқынды жүргізілді. Мектептегі жобалар («Like TV Show», «Ұлттық лига», «Білім ал», «Шебер қолдар», «Өнер керуені») мен фестивальдер оқушылардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыра отырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етті. Бұл жүйелі жұмыс балаларды қауіпсіз, саналы және жауапты азамат ретінде қалыптастыруға нақты нәтиже көрсетіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...