Конституциялық реформа – ұлттық келісім мен бірліктің факторы

Конституциялық реформа – ұлттық келісім мен бірліктің факторы

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Конституциялық реформа – ұлттық келісім мен бірліктің факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға оқу орнының басшылық құрамы мен профессор-оқытушылар қатысып, конституциялық реформалардың мәні, олардың қоғам дамуына ықпалы және ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды.
Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Мұхамедкәрім Ертаев қазіргі қоғамдық трансформация жағдайында құқықтық жүйені жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.
– Қоғам өзгерген сайын құқықтық нормалар да заман талабына сай жаңарып отыруы тиіс. Бүгінде саяси, әлеуметтік және мәдени үдерістер қарқынды дамып келеді. Ғылым мен білім беру жүйесіне цифрландыру тетіктері енгізілуде. Сондықтан азаматтардың құқықтары мен жеке деректерін цифрлық кеңістікте қорғау мәселесі өзекті бола түсуде. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарының ең жоғары құндылық ретінде айқындалуы – уақыт талабы, – деді М. Ертаев.
Жиында заң ғылымдарының кандидаты Садық Тәңірбергенұлы да сөз алып, жаңа Конституция жобасының Преамбуласында халқымыздың тарихи жолы, тәуелсіздік құндылықтары, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім идеялары көрініс тапқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ұлт рухын көтеріп, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Сондай-ақ жаңа редакциядағы Ата Заңда білім, ғылым және инновация мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалғаны ерекше атап өтілді. Бұл – елдің орнықты дамуын адами капитал сапасымен байланыстыратын жүйелі ұстанымның көрінісі.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Конституциялық реформаға қолдау білдіре келе, оның тарихи маңызына тоқталып, оны Қазақстанның жаңару кезеңіндегі маңызды белес ретінде бағалады. Жиын қорытындысында реформалардың мазмұнын қоғамға кеңінен түсіндіру, азаматтық белсенділікті арттыру және ұлттық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...