Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды.

Елші Президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты.

Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет деп санайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...