Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы үйлестіруді күшейтуде

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы үйлестіруді күшейтуде

Ташкент, 2026 жылғы 13 ақпан – Өзбекстан астанасында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлерінің үшжақты кездесуі, сондай-ақ үш елдің су-энергетика саласына жауапты ведомстволары басшыларының отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздерге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов қатысты. Сондай-ақ отырысқа Тәжікстанның Энергетика министрі Далер Джума шақырылды.

Тараптар су-энергетикалық ресурстарды басқару саласындағы үшжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік энергожүйенің тұрақты әрі теңгерімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Генерациялаушы қуаттардың жұмыс режимдерін үйлестіруге, су пайдалану бойынша келісілген параметрлерді сақтауға және ортақ тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Кездесуде маусымдық жүктемелер кезеңінде өзара қолдау мен жедел өзара іс-қимылдың маңыздылығы, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік мүддесінде трансшекаралық өзендердің тұрақты су режимін сақтау қажеттігі атап өтілді.

Тараптар Орталық Азияның су-энергетикалық жүйесінің сенімділігін нығайтуға бағытталған сындарлы диалогты және тату көршілік рухындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға бейілділігін растады.

Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін үшжақты хаттамаға қол қойылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ташкент, 2026 жылғы 13 ақпан – Өзбекстан астанасында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлерінің үшжақты кездесуі, сондай-ақ үш...

Жаңа Конституциядағы үлкен өзгерістердің бірі Құрылтайдың құрылуы. Ата заң жобасында Парламенттің атауы ғана емес, оның негізгі құрылымы да өзгерді. Енді депутаттар...