Атқарылған жұмыстар қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға негіз болуда

Атқарылған жұмыстар қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға негіз болуда

Әл-Фараби ауданында былтыр 38 балалар ойын алаңшасы және 2 спорт алаңшасы абаттандырылды. Үнемделген қаражат есебінен қосымша 5 аулада жұмыстар жүргізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев баяндады.
Оның айтуынша аудандағы⠀көпқабатты 931 тұрғын үй 628 аулаға біріктірілген. –2025 жылы жоба аясында «Әл-Фараби» КММ тарапынан 261 аулада балалар ойын алаңшалары, 65 аулада спорт алаңшалары ретке келтірілді. Демеушілер қолдауымен 3 ашық спорт алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы аудан аумағында 113 спорт алаңшасы бар,- дейджі Марат Әбдімәжитұлы.
Бұл жұмыстар ауданда биыл да жалғасады екен. Алдағы күндері 19 ауланы абаттандыру жоспарланған. Ал 2026–2027 жылдары жалпы 41 аулаға абаттандыру жұмыстарын жүргізу көзделуде.
«2026 жылдың басынан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 64 өтінім түсті» деген спикер онда 5 аулаға спорт алаңшасын, 59 аулаға балалар ойын алаңшасын орнату сұралғанын айтады.
Жалпы әл-Фарби ауданында 262 526 халық тұрады. Аудан аумағында 17 шағынаудан мен 1 елді мекен орналасқан. Тұрғын үй қоры 931 көппәтерлі және 16 663 жеке тұрғын үйден тұрады. Сонымен қатар 390 көше мен 257 әлеуметтік нысан тіркелген. Аудан инженерлік инфрақұрылыммен 100% қамтылған: тұрғындар ауыз су, электр энергиясы және табиғи газбен толық қамтамасыз етілген.
Былтыр аудандағы 133 көшеге жарықшам бағаналары орнатылып, жоспар толық орындалған. Сонымен қатар көппәтерлі 112 тұрғын үй ауласы жарықтандырылыпты.
Биыл 236 тұйық көшеге жарықшам орнату ұсынылды. Бұдан бөлек, 480 аулаға 1 634 жарықшам бағанасын орнату жоспарланып отыр.
Айта кету керек, аудандағы 390 көшенің жалпы ұзындығы – 260 шақырымды құрайды. Оның 88,5%-ы асфальтталған. Оның ішінде 113 көшеге асфальт былтыр төселді. Осылайша, Сәуле, Ақтас шағынаудандары, 276 орам, Химфарм аймағындағы көшелер тақтайдай тегістеліп қалды. 2026 жылы 41 көшені жаңарту бойынша тиісті басқармаға ұсыныс беріліпті.
Көппәтерлі үйлердің 182 ауласына 2 600 тонна асфальт төселіп, жол жабыны тегістелді.
Аяқжол салу бағытында19 көшеге (12 шақырым) жаңа тротуар салынды, қосымша 17 мекенжайда 3 шақырым аяқжол орнатылды. 2026 жылы 41 көшеге аяқжол салу жоспарлануда екен.
Аудан әкімінің орынбасары 2025 жылы 17 көшеге ирригациялық арық жүйесі орнатылғанын да мәлімдеді. Көппәтерлі 19 тұрғын үй ауласына арық тартылған.⠀Жауын-шашыннан орын алатын судың көлкіп көше бойына жиналмасы үшін биыл тағы да 25 көшеге арық орнату ұсынылып отыр.
Айтпақшы, былтыр көппәтерлі 21 тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылып, бұл жұмыстарға 150 млн теңге жұмсалған. 11 тұрғын үйдің қасбетіне 17,5 млн теңгеге мурал салынған. Байқасаңыз Ә.Жангелдин, Қабанбай батыр, А.Байтұрсынов, Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров көшелері мен Теріскей шағынауданында және Тәуке хан даңғылы бойындағы үйлердің сыртында әйбат суреттер көз тартыпе тұр.
Тұрғындардың мәдени демалысына қолайлы жағдай туғызатындай ауданда қазір 5 саябақ пен 23 гүлзар бар. Демеушілер есебінен былтыр 5 жаңа гүлзар салынды. Сонымен қатар, «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» жобасы аясында 2 гүлзардың құрылысы жүргізілуде екен. Сәуір айында бұл да бітеді деген жоспар бар.⠀
Ауданда былтыр көппәтерлі 20 тұрғын үй жаңғырту бағдарламасына енгізіліп, 13 үйде жөндеу аяқталса, 7 үйдегі жұмыстар әлі де жалғасуда.
Реновация аясында Елшібек батыр көшесі №91, №93, Төле би көшесі №37 және Ж.Әлімқұлов көшесі №34 мекенжайларында құрылыс жүруде.
2029 жылға дейін апатты 28⠀үй бұзылып, 235 меншік иесі жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Әйгілі «Қырғы базар» осы аудан аумағында орналасқан. Орталық бұл базардағы жаңғырту жұмыстарының 95%-ы аяқталыпты. Ішкі әрлеу, шатыр орнату және жаңа павильон құрылысы жүргізілген. Қалған жұмыстар ақпан айының соңына дейін тәмамдалады деп отыр спикер.
Ал «Көктем» базары аумағында сауда орындары демонтаждалып, кәсіпкерлер «Көктем» сауда үйі ғимаратына көшірілді.
Қауіпсіздік пен тазалықты ұдайы бақылауда ұстау үшін былтыр аудан аумағындағы 290 мекенжайға бейнебақылау камералары, 28 мекенжайға «Сергек» жүйесі орнатылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 41 сенбілік өтіп, 8 000 адам мен 190 техника көше тазалығына жұмылдырылыпты. Нәтижесінде 504 тонна қоқыс шығарылған. 13 көшеге 275 қоқыс жәшігі орнатылуда, ал 2026 жылы қосымша 10 көшеге 300 жәшік қою жоспарланған.
Жалпы алғанда Әл-Фараби ауданы үшін инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар қарқынды жүруде. 2026 жылға белгіленген жоспарлар ауданның одан әрі көркеюіне, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға негіз⠀болады деген сенім бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі...

В рамках поручений Главы государства по увеличению доли казахстанского производства в фармацевтической отрасли Правительством РК одобрено Соглашение об инвестициях между...

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекеттік дамудың іргелі бағыттарын айқындайтын бірқатар маңызды қағидаттар ресми түрде бекітілді. Бұл нормалар...