Жетісуда ТЖД-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі талқыланды

Жетісуда ТЖД-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі талқыланды

Жетісу облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында тікұшақ техникасына арналған ангар салу, сондай-ақ Жетісу облысы ТЖД бөлімшелерін қажетті заманауи техникамен және жабдықтармен күшейту мен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Тараптар материалдық-техникалық базаны одан әрі дамыту, әрекет ету жеделдігін арттыру және өңірдің азаматтық қорғау жүйесін нығайту бойынша алдағы қадамдарды талқылады.

ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов: «Министрлік өңірге жан-жақты қолдау көрсетеді. Барлық ұсыныстар мен бастамалар егжей-тегжейлі пысықталып, қажетті шешімдер қысқа мерзімде қабылданады», - деп атап өтті.

Кездесу барысында гарнизонды одан әрі жаңғырту және оның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нақты қадамдар мен жоспарлар да талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ