Шымкент: өткен жылы қалада 45 жаңа сквер салынды

Шымкент: өткен жылы қалада 45 жаңа сквер салынды

Шымкент қаласының қарқынды өсуі қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуды талап етеді. Осы бағытта Шымкентте өткен жылы көгалдандыру мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары кең көлемде жүргізілді.

Былтыр қалада жаңадан 45 сквер салынып, олардың жалпы саны 90-ға жетті. Магистралды 27 көшеге 500 мың шаршы метр аумаққа газон төселіп, автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды. Жалпы қала бойынша 152 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар Қошқар-ата өзенінің 3,5 шақырым жағалауы абаттандырылып, демалыс аймағына айналды. Демеушілер қолдауымен 16 жаңа субұрқақ салынды.

Қалада алғаш рет бұрынғы «Көл» аймағында лазерлік, жарық және от шоуларын біріктірген субұрқақ іске қосылды. Ал, Шымкентсити саябағында бейнепроекциямен жабдықталған музыкалы субұрқақ пайдалануға берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші Тянь-Шань форумы аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика...

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге...

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді аталық жолбарыс табиғи...