Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Болгарияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы қазақ-болгар ықпалдастығы дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты мемлекеттік қызметі мен игі бастамаларына сәттілік, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі...

Алибек Қуантыров «Қазгидромет» РМК орталық аппаратына барып, ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің қызметімен, заманауи технологиялық...