ІІМ азаматтарға үндеу жасады

ІІМ азаматтарға үндеу жасады

Құрметті қазақстандықтар!

15 наурызда өтетін референдум қарсаңында барша азаматқа үндеу жасаймыз.

Мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесіп жатады. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.

Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін.

Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.

Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз.

Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады.

Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады.

Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

14 марта в городе Алматы широко отметили День Көрісу – праздник, который считается началом великого праздника Ұлыстың ұлы күні – Наурыз. Праздничное мероприятие началось...

2026 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 876,8 мың отбасы...