Кавасаки тәріздес синдромның ауыр түріне шалдыққан бала сауығып шықты

Кавасаки тәріздес синдромның ауыр түріне шалдыққан бала сауығып шықты

Шымкент қаласында биыл 30-шілде күні «Асар» шағынауданындағы балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен бес жасар бала ауыр халде жеткізілген. Денсаулығы сыр берген балақайды дәрігерлер жансақтау бөліміне шұғыл жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген.

Науқас баладан алынған сынама нәтижесінде кавасаки тәріздес синдром анықталған. Қауіпті індет анықталған балақайдың жағдайы алғашқы үш күнде нашарлап кеткен. Тек төртінші тәулікте ғана науқас баланың жағдайы жақсарды.

Емдеу шараларымен қатар мамандар инфекцияға шалдыққан баланың ағзасындағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, өміріне төнген қауіптің алдын алды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

О развитии социальной инфраструктуры рассказал на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций Алматы аким Турксибского района Дамир...

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті...

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады» «Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл...