ШЫҰ байқаушылар миссиясы референдумның ұйымдастырылуын жоғары бағалады

ШЫҰ байқаушылар миссиясы референдумның ұйымдастырылуын жоғары бағалады
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов бүгін «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында жұмыс істеп жатқан ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында дауыс беру үдерісінің ұйымдастырылуына баға берді.

Оның айтуынша, ШЫҰ байқаушылар миссиясы жұмысын кеше бастаған.

«Астанаға келу біз үшін әрқашан қуаныш. Бұл – Қазақстандағы ШЫҰ-ның 16-шы бақылау миссиясы. Біз жұмысымызды кеше бастадық: Астана қаласы мен Ақмола облысындағы бірқатар сайлау учаскесіне барып, олардың техникалық дайындығын бағаладық. Біздің бағалауымыз бойынша, дайындық жоғары деңгейде. Бүгін біз жұмысымызды сағат 7:00-де – учаскелер ашылған сәттен бастадық. Жалпы алғанда, ұйымдастыру мен техникалық дайындық ең жоғары деңгейде деп айта аламын», – деді Олег Копылов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас...