Түркістан қаласының референдум учаскелерінде спорттық жарыстар өтуде

Түркістан қаласының референдум учаскелерінде спорттық жарыстар өтуде

Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласындағы референдум учаскелерінде дауыс беру тек саяси науқанмен шектелмей, тұрғындардың мерекелік көңіл-күйін көтеру және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сайлаушылар арасында асық ату, арқан тарту, қол күрес сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтіп жатыр. Бұл шаралар тұрғындарға патриоттық рух пен бірлік сезімін сыйлап, референдумға қатысуды қызықты әрі көңілді етеді.

Жастардан бастап, зейнеткер жастағы азаматтарға дейін барлық қатысушылар спорттық жарыстарға белсенді қатысып, мерекелік Наурыз атмосферасын сезінуде. Ұйымдастырушылар дауыс беру үдерісінің заңдылығын және қатысушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуде.

Түркістан қаласының әкімдігі бұл бастаманы тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған маңызды қадам деп бағалауда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ясутоши Нишимураны Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды ...

Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» тақырыбында 500-ге жуық колледж студенттері мен академик Ә. Қуатбеков атындағы...