«SHYMKENTCITY» тұрғын үйінің сапасы жөніндегі мәселелер талқыланды

«SHYMKENTCITY» тұрғын үйінің сапасы жөніндегі мәселелер талқыланды

«SHYMKENTCITY» шағынауданындағы көп қабатты №1-21 тұрғын үйдің сапасы жөнінде тұрғындар өз өтініштерін қалдырған болатын.

Аталған мәселені шешу мақсатында Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұловтың ұйымдастыруымен құзырлы мекемелермен бірлесе арнайы жұмысшы топ құрылып, көп қабатты тұрын үйлердегі орын алған техникалық ахуалдар зерделеніп, акт түзілді. Түзілген акт Шымкент қаласы құрылыс басқармасына және көп қабатты үйлер құрылысына жауапты мердігер мекелерге (ахау актісі) реттеуге жолданған болатын.

Нәтижесінде Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов, қалалық құрылыс басқармасы басшысы Ә.Рабаевпен бірге жұмысшы топтың жұмыс барысымен зерделеу мақсатында шағынаудан тұрғындарымен және мердігер мекемелермен кезекті кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындармен талқыланған өзекті мәселелердің шешімін табу бойынша мердігер мекемелерге тапсырмалар берілді.

Еске сала кетйік, «SHYMKENTCITY» шағынауданының жалпы алаңы 24,5 га құрайды. Көп қабатты үйлер саны - 37 (2338 пәтер, 203,9 мың. ш.м). Оның ішінде кредиттік тұрғын үй саны -18(1240 пәтер, 119,4 мың ш.м.), арендалық тұрғын үй саны-19(1098 пәтер, 84,5 мың ш.м.).

Мердігер мекемелер: «КазМедеоГранд» ЖШС, «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС , «КорпорацияСитиСтрой» ЖШС, «Арт курылыс» ЖШС, «Отау строй» ЖШС, № 1-2 үй «Отау строй» ЖШС, «Kanfar Building» ЖШС , «КазМедеоГранд» ЖШС, «ШымкентСтрой» ЖШС , «ЮгСтройСервисН» ЖШС, «Заманауи құрылыс бұйымдары» ЖШС, «АқЖол» ЖШС, «Заманауи құрылыс бұйымдары» ЖШС, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...