Қазақстанда Digital Nauryz аясында жасанды интеллект бойынша ашық оқыту іс-шаралары өтеді

Қазақстанда Digital Nauryz аясында жасанды интеллект бойынша ашық оқыту іс-шаралары өтеді
2026 жылғы 17-18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне арналған ашық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шаралар халық көп жиналатын орындарда - қалалық алаңдарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында (СОО), IT-хабтарда және креативті кеңістіктерде еліміздің әртүрлі өңірлерінде өткізіледі. Мұндай формат жасанды интеллект тақырыбын кең аудитория үшін түсінікті әрі қолжетімді етуге, сондай-ақ өңір тұрғындарын заманауи цифрлық құралдармен таныстыруға мүмкіндік береді.

Кездесулер барысында қатысушыларға жасанды интеллектті бүгіннің өзінде күнделікті өмірде, жұмыста және оқуда, контент жасауда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуда қалай қолдануға болатыны түсіндіріледі. Бірқатар өңірлерде AlemGPT платформасының, яғни Жасанды интеллекттің ұлттық платформасының мүмкіндіктері де таныстырылады.

Өңірлерде ашық оқыту іс-шараларын өткізу халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалану мәдениетін кеңінен дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің...

Қанат Бозымбаев Ақмола облысына екі күндік жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан, Шортанды, Аршалы, Целиноград және Атбасар...