Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Француз тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында француз көшбасшысы Қазақстан Президентін жаңа Конституцияға арналған жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады. Ол аталған уақиғаның тарихи маңызын, сондай-ақ елді одан әрі жаңғырту жолындағы қарышты қадам екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің қолдауы және референдум нәтижесіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты.

Тараптар экономикадағы, әсіресе, индустрия мен энергетика салаларындағы өзара ықпалдастыққа көңілдері толатынын, сондай-ақ осы бағыттағы бірлескен күш-жігерді жалғастыруға бейіл екендерін жеткізді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында алдағы уақытта кездесуге уағдаласты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, оның барысында 2025 жылғы...

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды, деп...