Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді.

Қазақстан Президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.

Израиль Президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Вице-Президенті мен...

Әпке! Кімге болсын әпкенің қадірі, орны бөлек – жанашырың, сен үшін күйіп-пісер жанкүйерің. Бұған әпкелер қанатының астында жетіліп, кемдік көрмей,...

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық...