«Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ мүдделі тұлғаларды (қоғам өкілдерін, жергілікті тұрғындарды) келесі қала құрылысы жобаларының материалдары бойынша қоғамдық талқылаулардың өткізілетіні туралы хабардар етеді:
«Түркістан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауылдық округі, Көксу елді мекенінің бас жоспары». Түзету; «Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауыл округі Шардара елді мекенінің бас жоспары» (түзету).
Аталған жобалардың мақсаты — ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы дамуының ұзақ мерзімді перспективаларын, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға және жоғарыда аталған Түркістан облысының елді мекендерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған аумақтың сәулеттік-жоспарлау ұйымдастырылуын айқындау.
Қоғамдық талқылаулар 2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 15:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы, Төлеби көшесі №40Б.
Тапсырыс беруші: «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
Жобалау ұйымы: «Redline Pro» ЖШС.
Ескертулер мен ұсыныстар мына электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Байланыс телефоны: +77015531666.

