Жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар кезектен шығарылады

Жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар кезектен шығарылады

Жыл басынан бері Шымкент қаласында тұрғын үй кезегі келген азаматтарға арендалық пәтерлердің қолданысқа берілуіне байланысты бірнеше рет кезектен шығару жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек шілде айындағы тұрғын үй комиссиясының шешіміне сәйкес пәтермен қамтылған азаматтар тұрғын үй кезегінен 20 тамызға дейін шығарылатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев азаматтарды баспана мәселесіне қатысты жеке қабылдауында айтты.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 73-бабына сәйкес азаматтар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алған жағдайларда, оларды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж адамдар есебiнен шығару жүзеге асырылады. Осы орайда, тұрғын үй кезегі әртүрлі санаттарға сәйкес пәтермен қамтылып, жалдау шартын түзген азаматтарды кезектен шығару жүзеге асырылған соң жылжиды» - деді.

Айта кету керек, тұрғын үй кезегіне қатысты барлық қызметтер толығымен автоматтандырылған. Осы сервис арқылы ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй кезегінде тіркелген және жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар (отбасы мүшелерімен бірге) бойынша, несиелік бағытта баспаналы болған, иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елдімекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу себептерімен 1 519 азамат тұрғын үй алу тізімінен шығарылды.

Бұдан бөлек тұрғындарды қабылдау барысында несиелік бағыттағы бағдарламалардың шарттары мен талаптары түсіндірілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...