Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады

Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы ағымдағы жылдың 29 наурызынан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады. Әуе компаниясы рейстерді аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) «Airbus A320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындауды жоспарлап отыр.

Жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер алғышарт болды. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің шешімен жоғары жауынгерлік дайындық...

Қол қою рәсімі Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында өтті. Құжатқа министр Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті...

Хьюстон (АҚШ) – CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов S&P Global компаниясының...