Қазақстан Shell компаниясымен негізгі кен орындарындағы өндіру мәселелерін талқылады

Қазақстан Shell компаниясымен негізгі кен орындарындағы өндіру мәселелерін талқылады

АҚШ-тағы жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Shell концернінің бас атқарушы директоры Ваэль Саванмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында тараптар Shell компаниясының Қазақстандағы жүйеқұраушы мұнай-газ активтерін игеруге белсенді қатысып отырған стратегиялық әрі ұзақ мерзімді инвестор ретіндегі мәртебесін атап өтті.
Диалогтың негізгі тақырыбы елдегі ірі кен орындары – Қашаған және Қарашығанақ бойынша өндірудің қазіргі жағдайы мен оны кеңейту перспективаларын талқылау болды. Тараптар республиканың экспорттық кірістеріне елеулі үлес қосып отырған инвестициялық жобаларды іске асыру барысын жан-жақты қарастырды.
Сонымен қатар Қазақстан газ өңдеу зауыттары жобаларын дербес іске асырудың түрлі нұсқаларын қарастыруда.
Кездесудің жеке блогы экспорттық маршруттардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Тараптар Каспий құбыр консорциумы жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын тұрақты жеткізу үшін аса маңызды екенін растады.
Күн тәртібіне ішкі мұнай өңдеу мен геологиялық барлау мәселелері де енгізілді. Атап айтқанда, қысқы дизель отынын өндіруді ұлғайту үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы талқыланды. Ресурстық базаны дамыту аясында Қазақстан мен Shell жаңа перспективалы көмірсутек учаскелерін іздеу және бағалау бойынша бірлескен жұмысты жалғастырып жатқаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысында Ерлан Ақкенженов мемлекет пен инвесторлар арасындағы негізгі инвестициялық шешімдер бойынша сапалы үйлестіру Қазақстанның мұнай-газ кешенінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудегі басты басымдық екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің шешімен жоғары жауынгерлік дайындық...

Қол қою рәсімі Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында өтті. Құжатқа министр Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті...

Хьюстон (АҚШ) – CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов S&P Global компаниясының...