Рысқұлов-Қонаев көшесіндегі жолайрық құрылысында инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған

Рысқұлов-Қонаев көшесіндегі жолайрық құрылысында инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған

Қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен өткен пресс-тур барысында БАҚ өкілдері Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс алаңына барды.

Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша - 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша - 684,7 м. Жолдың ені - 45 метр.

Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі желтоқсан айына жоспарланған. Бүгінде мұнда инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Қонаев көшесі бойынша 300м асфальт жабындысы төселген және жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Рысқұлов көшесі бойынша ескі асфальт жолы толық алынып, жол негізі әзірленген. Рысқұлов бойынша Байтұрсынов пен Қонаев аралығында екі қабат асфальт қабаты төселінген.

Жобаға сәйкес Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралық жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған. Көпір өткелін салу, жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін, Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы 10 қыркүйекке дейін шектелген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...