Шымкентте «Қауіпсіз үй» іс-шарасы өтеді

Шымкентте «Қауіпсіз үй» іс-шарасы өтеді

Құрметті қала тұрғындары!

2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

«Қауіпсіз үй» – әр отбасының тыныштығы мен амандығына бағытталған маңызды бастама.
Басты ұстанымымыз: қауіпсіз ұя – бақытты өмірдің кепілі.
Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Бір-бірімізге жанашыр болып, қорғап жүрейік!

Іс-шараға құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысады.

Негізгі мақсаттары:
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
Қауіп тобына жататын отбасыларды анықтау және қолдау
Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету

Барша азаматтарды заң талаптарын құрметтеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам тыныштығын сақтауға шақырамыз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...