Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тасымалдау процесіне қатысушылардың, қосалқы қызметтердің және заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен салалық кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Күн тәртібінде теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын тергеп-тексеруді реттейтін қолданыстағы нормативтік базаны, сондай-ақ ұйымдардың ішкі құжаттарын жетілдіру мәселелері қаралды.
Айта кету қажет, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар тергеп-тексеру тиімділігін арттыруға, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқиғалардың себептерін талдау мен олардың алдын алу бойынша заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Барлық тасымалдау процесіне қатысушылар мен қосалқы қызметтер үшін тергеп-тексеру жүргізуде бірыңғай тәсілді қолдану және талаптарды үйлестіру мәселелеріне, сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибені енгізуге ерекше назар аударылды.
Осы бағыттағы жұмыс келіп түскен ұсыныстар мен ұсынымдарды ескере отырып, жыл бойы жалғасатын болады.

