Жан басына қаржыландыру балалардың кез-келген үйірмеге баруына қолжетімді етеді

Жан басына қаржыландыру балалардың кез-келген үйірмеге баруына қолжетімді етеді

Мемлекет басшысының балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт тапсырысының жан басына қаржыландыру бойынша берген тапсырмасының негізінде Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру жобасына қатысып отырған ЖК «Макашев» үйірмесіне барды.

Аталған шығармашылық үйірме Қаратау ауданына қарасты «Нұртас» шағын ауданында орналасқан. Бұл үйірмеге бүгінде ұлттық би мен халық биі бойынша жалпы 100 өтінім келіп түскен.

Қала әкімі бұл жаңашылдық балаларға кез келген үйірмеге баруына қолжетімді ететінін атап өтті. Ең бастысы ата-аналарға қаржылық жағынан ауыртпалық түспейді. Енді бұл төлемақы мемлекет қазынасынан бөлінетінін жеткізді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...