Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Отаныңыз бүгінгіден де биік белестерге жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, өзара стратегиялық әріптестік қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Іс-шара елорда да, жыл сайынғы «Ulttyq ónim – 2026» Қазақстандық өндірушілердің  IX көрмесі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...