Қазақстанда 377 км жылу желісі жаңартылады

Қазақстанда 377 км жылу желісі жаңартылады
Қазақстанда жылыту маусымы аяқталуға жақын, оның орнын ауқымды жөндеу науқаны басады. Энергетиктер тозған коммуникацияларды жаңартуға кіріспек. Басым бағыт – тозу деңгейін төмендетуге және жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған жылу желілерін ауқымды жаңғырту, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда республика бойынша жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 13,4 мың шақырымды құрайды.

Былтыр жылу желілерінде 323 шақырымды құрайтын реконструкциялау және күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл тозудың орташа деңгейін 52%-дан 50%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ халықты жылумен қамтамасыз ету сенімділігін ұлғайтты.

Биыл 377 шақырым жылу желісін күрделі жөндеуден өткізу және жаңғырту жоспарланған. Негізгі назар желілерінің тозу деңгейі жоғары өңірлерге – ШҚО, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және СҚО-ға аударылады.

Соның ішінде, Энергетика саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2026 жылы 130 шақырым жылу желісін жаңарту көзделген. Тұтастай алғанда, бұл кешенді жұмыстар жылу желілері тозуының орташа деңгейін 48%-ға дейін төмендетуге жағдай жасайды.

Жалпы, 2029 жылға дейін ұлттық жоба аясында еліміз бойынша 1,6 мың шақырым жылу желісін жаңарту қарастырылған, бұл тозу деңгейін 42%-ға дейін азайтпақ.

ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жылу инфрақұрылымының жай-күйі мен жаңғыртылуына тұрақты бақылау жүргізеді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ведомство әкімдіктермен бірлесіп, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы ұйымдардың 2026 жылға арналған жөндеу бағдарламаларына ревизия жүргізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...