Шымкентте сел қаупінінің алдын алатын мониторинг жүргізу жүйелері орнатылды

Шымкентте сел қаупінінің алдын алатын мониторинг жүргізу жүйелері орнатылды

Бұл жөнінде бүгін қала әкіміне бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар жайын баяндаған Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы М.Жақсыбаев мәлім етті.

«Сіздің қолдауыңызбен «2020-2021 жылғы цифрландыруды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту» Жол картасының аясында қала аумағында сел қаупінің алдын алу мақсатында тәулік бойы бақылау үшін Бадам өзені, Бадам және Тоғыс су қоймаларында су төгілу мен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу жүйелері яғни, датчиктер орнатылды»-, деді департамент басшысы.

Су айдындарындағы жағдайды одан әрі талдау үшін деректер Департаменттің дағдарыс орталығының жедел басқару пультіне GSM немесе радиоарналар арқылы келіп түседі. Датчик ультрадыбыстық толқындардың көмегімен сәуле таратқыштан су бетіне дейінгі қашықтықты миллиметрге дейінгі дәлдікпен анықтайды.

Жалпы қала аумағында 4 су қоймалары - Бадам (61,5 млн.м3), Тоғыс (4,6 млн.м3), Акжар (0,6млн.м3), Текесу (1 млн.м3) орналасқан. Сонымен қатар қала аумағынан 3 өзен - Бадам, Қошқар-ата, Сайрам-су және 30-дан астам канал ағып өтеді. Қазіргі таңда, су қоймаларының жағдайлары қанағаттандырарлық.

Су тасқынының алдын алу жұмыстары жіті бақылауда болу қажеттігін айтқан қала басшысы өзендерден бастау алатын арналарды тазалауды тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

О развитии социальной инфраструктуры рассказал на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций Алматы аким Турксибского района Дамир...

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті...

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады» «Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл...