Премьер-министр экономиканың өсу құрылымына тоқталып, салалардың үлесі мен сыртқы факторлар аясында ішкі экономиканың тұрақтылығын ерекше атап өтті.
«Аталған кезеңде жалпы ішкі өнім нақты 3%-ға өсті. Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсу есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс – 14,8%, көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу өнеркәсібі – 8,5% көрсетті. Жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда айналымы $21,7 млрд құрады, мұнда $2,4 млрд – оң сальдо.
«Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті, осылайша екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінің (2025 жылы – 11,9%) деңгейінен асып түсіп отыр. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі екі есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болған болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түсті. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет, бұл «орташа табыс тұзағынан» шығуға мүмкіндік береді», — деді ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин.

