Алматыда Қарулы күштердің жөндеу мамандарының алғашқы легі оқуын аяқтады

Алматыда Қарулы күштердің жөндеу мамандарының алғашқы легі оқуын аяқтады

Алматы қаласында Қарулы күштердің жөндеу бағытындағы алғашқы кіші мамандары оқуын сәтті аяқтап, кәсіби жолға қадам басты. Арнайы оқу орталығында 4,5 ай бойы дайындықтан өткен мерзімді әскери қызметшілер тек әскери салада ғана емес, азаматтық экономикада да сұранысқа ие мамандықтарды игерді.

Оқу бағдарламасы аясында курсанттар зымыран-артиллериялық қару-жарақты, сауытты автокөлік техникасын жөндеу, сондай-ақ металл және ағаш өңдеу, дәнекерлеу, моторист және аккумулятор электригі бағыттары бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгерді. Дайындық барысында техниканы диагностикалау, қызмет көрсету және далалық жағдайда жөндеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

Оқу қорытындысы бойынша барлық курсанттар емтихандарды сәтті тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болды. Олардың 30%-ы келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастыруға ниет білдірген. Қалған түлектер әскери бөлімдерге жіберіліп, өз міндеттерін атқаруға кіріседі.

Оқу орталығы басшылығының мәліметінше, алдағы уақытта білім алушылар саны артып, мамандықтар тізімі кеңейтіледі. Оның ішінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді, тренажерлер мен полигондық жабдықтарды жөндеу бағыттары да енгізіледі.

Бұл бастама еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып қана қоймай, жас мамандардың болашақта азаматтық салада да табысты еңбек етуіне жол ашады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ