Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді
Туризм Алматы экономикасындағы үлесін арттырып, негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылы көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 15,2%-ға артып, 110,9 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды No-comment.kz - Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Салаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 198,8 млрд теңге болып, 39,4%-ға өсті. Инвестицияның басым бөлігі қалааралық жолаушылар теміржол тасымалына, өнер, ойын-сауық және демалыс саласына, жолаушыларды құрлықпен және әуе көлігімен тасымалдауға, орналастыру және тамақтандыру қызметтеріне, сондай-ақ жеңіл автокөліктерді жалға беру мен лизингке бағытталды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласынан түскен салық түсімі 27,2%-ға өсіп, 84 млрд теңгеге жетті. Негізгі үлесті қоғамдық тамақтану, спорт, демалыс және ойын-сауық, сондай-ақ уақытша орналастыру қызметтері қамтамасыз етті.

Аталған көрсеткіштер туристік саланың тұрақты дамып келе жатқанын және оның Алматы экономикасына елеулі үлес қосып отырғанын көрсетеді. Бұл туризмнің қала өсімінің басым бағыттарының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Біз өңірлік және жаһандық қақтығыстарды талқылаймыз. Алайда Сіз Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі ретінде келіссөздер БҰҰ мен басқа да ірі...

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады – Біріккен Ұлттар Ұйымын...

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы...

– Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта зор рөл атқаратынын айтқым келеді. Өңір әлсін-әлсін...