Алматыда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді

Алматыда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді

Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс нақты нәтижелер беруде. Қала полициясының мәліметінше, жыл басынан бері қылмыс деңгейі 11,8%-ға төмендеген, бұл құқық қорғау органдарының кешенді тәсілінің тиімділігін көрсетеді.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов атап өткендей, басты назар - құқық бұзушылықтардың алдын алу мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қалада тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылып, криминогендік жағдай күн сайын сарапталып, қауіп жоғары аймақтарға күштер жедел түрде қайта бөлінеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде негізгі қылмыс түрлері бойынша да айтарлықтай төмендеу тіркелді: адам өлтіру 15,4%-ға, қарақшылық 25%-ға, тонау 21,5%-ға, ұрлық 14%-ға, алаяқтық 13%-ға азайған. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстар 5,2%-ға қысқарды.

Полиция профилактикаға ерекше мән беруде. Жыл басынан бері тұрғындармен 500-ден астам кездесу өткізіліп, аулалар мен көшелердегі қауіпсіздік мәселелері талқыланған. Бұл халықпен тікелей байланыс орнатуға және құқықтық мәдениетті арттыруға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау органдарының пікірінше, жүйелі түсіндіру жұмыстары мен азаматтардың жеке жауапкершілігін күшейту - қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі кепілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...