Наурызбай ауданында инфрақұрылым серпін алды

Наурызбай ауданында инфрақұрылым серпін алды

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 2026 жылы инфрақұрылымды кешенді дамыту жұмыстары кең ауқымда жүргізілуде. Аудан аумағында бүгінде 500 шақырымнан астам жарықтандыру желісі тартылып, жалпы жарық нүктелерінің саны 26,5 мыңға жеткен. Қазіргі таңда аумақтың 95%-ы толық жарықпен қамтылған.

Жаңа тұрғын аудандарды дамыту аясында «Алма Сити-5» кешенінде 573 жарық тірегі орнатылып, оның 465-і пайдалануға берілген. Қалған 108 тіректі орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар көгалдандыруға ерекше мән беріліп, биыл 1900 ағаш пен 4600 ірі көшет отырғызу, сондай-ақ 10 мың шаршы метрден астам гүлзарлар егу жоспарланған.

Жол инфрақұрылымы да назардан тыс қалмаған. 2026 жылы 12 көшеде жалпы ұзындығы 12,4 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, 45 мың шаршы метр жол жабыны жаңартылып, 800-ге жуық люк ауыстырылады. 3,2 шақырым техникалық тротуар салу көзделген.

Абай даңғылының 5,3 шақырымының 4,7 шақырымы салынып бітсе, Төле би көшесінің 2,3 шақырымдық учаскесінде жұмыстар қарқын алған.

Бұл жобалар ауданның көлік қатынасын жақсартып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...