Тоқаев қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

Тоқаев қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа жеделхат жолдап, қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Қырғызстан басшысын және қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

«Бұл – егемен Қырғызстан тарихындағы ұлттың бірлігін, тұрақтылығын, жасампаздық рухын бейнелейтін, мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қырғыз елінің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін мәңгілік маңызды күн», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының дамуын жоғары бағалады.

«Тарихы терең бауырлас халықтардың ортақ мүдделері мен ғасырлар бойғы достығы және татукөршілік дәстүрін сақтай отырып,  Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ қазақ пен қырғыз иық тіресіп, өзара жетістіктерге шынайы қуанып, бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Күш-жігерімізді жұмылдырып, көп қырлы ынтымақтастығымыздың тұрақты дамуына тың серпін бере алатынымызға сенімдімін. Бұл қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы үшін жаңа көкжиектерге жол ашады», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас қырғыз халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

О развитии социальной инфраструктуры рассказал на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций Алматы аким Турксибского района Дамир...

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті...

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады» «Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл...