Жүк тасымалын цифрландыру: 3,5 тоннадан асатын тасымалдар үшін құжаттарды КҚББЖ жүйесінде міндетті тіркеу енгізіледі

Жүк тасымалын цифрландыру: 3,5 тоннадан асатын тасымалдар үшін құжаттарды КҚББЖ жүйесінде міндетті тіркеу енгізіледі
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2026 жылғы 1 маусымнан бастап жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарын міндетті түрде Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) тіркеу енгізілетінін хабарлайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл талап салмағы 3,5 тоннадан асатын автокөлік құралдарымен жүк тасымалдарын жүзеге асыратын нарық қатысушыларына қолданылады. Аталған санаттағы тасымалдар бойынша барлық жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттары жүйеде тіркелуі тиіс.

Аталған норма Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына 2020 жылы енгізілген. Кейіннен бизнеске қолайлы жағдай жасау және жүйені техникалық тұрғыдан жетілдіру мақсатында оны қолдану міндетті емес сипатта болды.

Құжаттарды жүйеде тіркеу тасымалдауды ресімдеу үдерістерін оңайлатуға, қағаз құжат айналымын азайтуға және құжаттарға электрондық форматта қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...