Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысының ашылуында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының директоры Ингер Андерсен, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан баяндама жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Өңірлік экологиялық саммиті БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылып отыр. Диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиында сөйлеген сөзімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті...

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады» «Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл...

«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды....