Қазақстанның Кабулдағы елшісі «Талибан» өкілімен кездесті

Қазақстанның Кабулдағы елшісі «Талибан» өкілімен кездесті

Кабулда Ауғанстанның Қазақстаннан берілетін гуманитарлық көмекке мұқтаждығы талқыланды, - деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігі мәліметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиевтің Ауғанстан уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесуі кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқылаған.

Сондай-ақ, Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты.

Оның айтуынша, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елдермен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды. Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтыны айтылды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан өңірлерінде жыл соңына дейін нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы...