Тұран ауданында жастарға арналған көрме сот процесі өтті

Тұран ауданында жастарға арналған көрме сот процесі өтті

Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
​Осы мақсатта, Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы бірінші сатылы сотта мемлекеттік айыпты қолдау аясында есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаумен айналысқаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған тұлғаға қатысты қаралған қылмыстық іске көрме процесін өткізді.
Бұл іс-шараға арнайы колледж студенттері қатыстырылып, оларға есірткімен айналысу салдары және оның жауапкершілігі түсіндірілді.
Осылайша, жастардың арасында құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларды теріс жолдан сақтау бағытында профилактикалық жұмыстар Тұран ауданы прокуратурасымен үнемі жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...