Көлік министрлігінде мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

Көлік министрлігінде мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ведомство қызметкерлеріне арналған мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу мәселелері бойынша семинар өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталды.

Семинар барысында мүдделер қақтығысының ұғымы, оның түрлері, туындау себептері және ықтимал теріс салдары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысының алдын алу қағидаттары, нақты превентивтік шаралар және оны тиімді реттеу тәсілдері талқыланды.

Қызметкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, табыстар мен мүлікті декларациялаудың, мүдделер қақтығысын уақтылы жария етудің және ішкі бақылауды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Семинар аясында адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығы туралы ғалымдардың пікірлері айтылып, практикалық кейстер қаралды.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...