Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Жиынға Ұлттық ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Халықаралық волонтерлер жылының Халықаралық хатшылығының жетекшісі Сандра Кох, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілдері, волонтерлік ұйымдар мен сарапшылар қатысты.
Халықаралық хатшылық өкілдері Қазақстанда Халықаралық волонтерлер жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалардың жоғары деңгейде орындалып жатқанын атап өтті. Отырыс барысында елімізде және Орталық Азия өңірінде волонтерлік қозғалысты дамыту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Астанада жүргізіліп жатқан жұмыстар, халықаралық ынтымақтастық және 2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу барысы талқыланды.

