Алматыда полиция халықпен тікелей диалог орнатудың жаңа форматын іске қосты

Алматыда полиция халықпен тікелей диалог орнатудың жаңа форматын іске қосты

Алматы қаласында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталып, полиция мен тұрғындар арасындағы өзара байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Жоба аясында қалада мобильді полиция қабылдау пункттері іске қосылып, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша жедел кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.

Акцияның басты ерекшелігі – оның қолжетімділігі. Қабылдау пункттері адамдар көп жиналатын орындарға орналастырылған, соның арқасында тұрғындар алдын ала жазылмай-ақ, тікелей полиция қызметкерлеріне жүгініп, өз сұрақтарын қоя алады. Қазіргі таңда мұндай алаңдар «Сайран» халықаралық автобекетінде және Наурызбай аудандық полиция басқармасының сервистік орталығында жұмыс істеуде.

Қала тұрғындары жол қозғалысы қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, қоғамдық тәртіп, сондай-ақ учаскелік және мектеп инспекторларының қызметі бойынша толыққанды түсіндірме ала алады.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл бастама азаматтардың пікірін тікелей естуге, өзекті мәселелерді жедел шешуге және қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Ашық формат тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтып, «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде орнықтыруға ықпал етеді.

Бұл бастама Алматыдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тиімді құралдардың біріне айналмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы агломерациясын кешенді дамыту бағытындағы жұмыстар жаңа қарқын алуда. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдері Дархан Сатыбалды мен Марат...